Хавьер Савиола

From Wikipedia, the free encyclopedia

Хавьер Савиола
Remove ads

Хавьер Педро Савиола (ис. Javier Pedro Saviola; 11 желтоқсан 1981[1], Буэнос-Айрес, Аргентина) — аргентиналық футболшы, футзалшы, шабуылшы. 2004 жылғы Жазғы Олимпиада ойындарының чемпионы.

Quick facts Жалпы мағлұмат, Туған күні ...
Remove ads

Карьерасы

Клубтық

2001 жылы жастар арасындағы әлем чемпионатының үздік мергені және үздік футболшысы атанған соң, "Барселона" 36 млн еуроға "Ривер Плейттен" сатып алды. 2001/02 маусымда 17 гол соғып, жақсы нәтиже көрсетті.

2004 жылы клубтағы мықты шабуылшылардың көптігінен, негізгі құрамнан ысырылып, "Монакоға" арендаға кетті. 2004/05 маусымда Франция чемпионатында 7 гол ғана соғып, көп көңілінен шықпады. 2005 жылы жазда "Барселонаға" қайта оралды. Бірақ каталондық клубтың бапкері Франк Райкард оның көмегін керексінбеді де, футболшы "Севильяға" жалға кетті.

2006/07 жылғы маусымды "Барселона" сапында өткізді. Бірақ 18 кездесуде 5 гол ғана соқты. 2007 жылы жазда клубтан түпкілікті кетіп, "Реал Мадридке" ауысты.

Кейін түрлі клубтарда ойнап, 2016 жылы карьерасын аяқтады.

2018 жылы Андорраның "Энкам" мини-футбол клубына қосылды.

Remove ads

Халықаралық

2004 жылы Америка кубогына, 2005 жылы Конфедерациялар кубогына, 2006 жылы әлем чемпионатына қатысты.

Жетістіктері

Командалық

«Ривер Плейт»

  • Аргентина чемпионы: Апертура 1999, Клаусура 2000
  • Либертадорес кубогы: 2015

«Севилья»

  • УЕФА кубогы: 2005/06

«Реал Мадрид»

  • Испания чемпионы: 2007/08

«Бенфика»

  • Португалия чемпионы: 2009/10
  • Лига кубогы: 2009/10, 2010/11, 2011/12

«Олимпиакос»

  • Грекия чемпионы: 2013/14

Аргентина

  • Әлем чемпионы (20 жас): 2001
  • Олимпиада чемпионы: 2004

Жеке

  • Аргентина чемпионатының үздік мергені: Апертура 1999
  • Оңт Американың жыл футболшысы: 1999
  • Әлем чемпионатының үздік мергені: (20 жас) 2001
  • Әлем чемпионатының үздік ойыншысы (20 жас) 2001

Дереккөздер

Сілтемелер

Loading related searches...

Wikiwand - on

Seamless Wikipedia browsing. On steroids.

Remove ads